Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Талдықорғанда “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күн сайын Талдықорған қаласының көшелерінде профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Негізгі назар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге түсіндіру жұмыстарына, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға аударылып отыр.

Полицейлердің басты мақсаты – жазалау емес, ең алдымен құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларға ережелерді қатаң сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді. Себебі жолдағы тәртіп – адам өмірі мен денсаулығының кепілі.

Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді барынша сақ болуға, бір-бірін құрметтеуге және белгіленген ережелерді қатаң сақтауға шақырады. Өйткені өткізілетін іс-шаралардың басты мақсаты – әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру