Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда полицейлер жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті

Петропавлда құқық қорғаушылар жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының мамандары және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері №25 мектептің оқушыларымен кездесті. Погон таққан адамдар өз мамандықтары жайында және қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздері туралы айтты.

Қалалық полиция басқармасы тарапынан жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлар мен жедел-криминалистикалық бөлім қызметкерлері сөз сөйледі. Криминалист қылмысты ашуда іздерді ғылыми әдістермен іздеу мен зерттеудің маңызы туралы баяндады. Ал ювеналдық полиция инспекторы кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі туралы еске салды.

Заң бұзушылықтар болашақта жұмысқа орналасуда, әсіресе полиция саласына түсу кезінде, елеулі кедергі болуы мүмкін. Жасөспірімдерге ҚР ІІМ оқу орындарына қабылдау тәртібі, толық қамтамасыз етілетін тегін оқудың артықшылықтары, кепілдендірілген жұмысқа орналасу мүмкіндігі, сондай-ақ “Заң мен тәртіп” қорғаушылары мамандығының маңызы түсіндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру