Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Түркістан облысының мектептерінде қауіпсіздік сабақтарын өткізді

Полицейлер Түркістан облысының мектептерінде қауіпсіздік сабақтарын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және тәртіп" қағидатын насихаттау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысының Кентау қаласында полицейлер жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Абай атындағы №5 орта мектеп пен А.Пушкин атындағы №6 мектепте өткен шараға облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Б.Тәшімов, ювеналды полицияның аға инспекторы Ж.Ахметов, білім бөлімінің әдіскері Н.Күзенбаева, мектеп директорлары және 9–11 сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырып, нашақорлықтың және жастар арасындағы заңға қайшы әрекеттердің алдын алу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы кеңінен баяндады.

Оқушылар өз кезегінде полиция қызметкерлеріне көкейіндегі сұрақтарын қойып, толық әрі жан-жақты жауап алды. Мұндай еркін пікір алмасу форматы жасөспірімдер мен құқық қорғау органдары арасында ашық әрі сенімді диалог орнатуға ықпал етті.

Полицейлердің айтуынша, осындай алдын алу сабақтары алдағы уақытта да жалғасын табады. Мұндай кездесулер оқушыларға қауіпсіз орта қалыптастыруға көмектесіп қана қоймай, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру