Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Киберқауіпсіздік сабағы: Астанада полицейлер интернет-алаяқтығының алдын алу жөнінде дәріс өткізді

Астанада полицейлер интернет-алаяқтығының алдын алу жөнінде дәріс өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана әлеуметтік технологиялары қоғамдық бірлестігі мен "АСТ" реабилитациялық орталығының қатысушыларына интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында дәріс өткізді.

Кездесу барысында мамандар интернеттегі алаяқтықтың кең таралған түрлерін түсіндіріп, азаматтарға жеке деректерді қорғаудың жолдарын айтты. Әсіресе күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк карталарының деректері мен құпия кодтарды бөгде адамдарға бермеу қажеттігі жөнінде маңызды кеңестер берілді.

Полицейлердің атап өтуінше, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – азаматтардың киберсауаттылығын арттырып, алаяқтардың құрбаны болудан сақтандыру. Алдағы уақытта осындай ақпараттық дәрістер тұрақты түрде ұйымдастырылмақ.

Полиция елордалықтарды интернет кеңістігінде сақ болуға шақырады. Күдікті жағдай туындаған сәтте дереу "102" нөміріне хабарласу қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру