Елордада полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіп жатыр
Елордада полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада интернет-алаяқтық деректері тіркелуде. Күдіктілер адамдарды алдау және олардың қаржысы мен жеке деректерін иемдену үшін жаңа технологияларды белсенді қолдануда. Алаяқтар өзін банк қызметкерлері, құқық қорғау органдарының немесе әлеуметтік қызметтердің өкілдері ретінде таныстырып, бейнеқоңырау немесе мессенджер арқылы жалған куәліктер көрсетеді. Бұл жәбірленушілердің сенімін арттырады, содан кейін қаскөйлер құпия ақпарат беруді немесе қаражатты "қауіпсіз есепшотқа" аударуды талап етеді.
Сонымен қатар қылмыскерлер жиі заманауи технологияларды — дауыс пен бейнені қолдан жасап шығаруды пайдаланады. Оның көмегімен олар таныс, туыс немесе ұйым қызметкері болып қоңырау шалғандай кейіп танытып, адамды ақпаратты тексерместен, асығыс әрекет етуге мәжбүрлейді.
Полиция еске салады: мемлекеттік орган қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды немесе деректерді беруді талап етпейді. Бейтаныс абоненттерден күмәнді бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз; құпиясөздеріңізді, SMS-кодтарыңызды және банк карталарының деректерін айтпаңыз. Елорда полициясы азаматтарды киберқылмыскерлердің әрекеттерінен қорғану үшін қырағылық пен сақтық танытуға шақырады.