Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара басталғалы бері учаскелік полиция инспекторлары аймақта 50 мыңнан астам пәтер мен тұрғын үйді аралап шықты.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстылық деңгейін төмендету және халықтың полицияға деген сенімін арттыру.

Аралау барысында тәртіп сақшылары профилактикалық есепте тұрған және бұрын сотталған азаматтардың тұрмыс жағдайын тексереді, заң талаптарын сақтау, қауіпсіздік шаралары және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға ерекше көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар учаскелік инспекторлар тұрғындарға интернет-алаяқтықтың кең тараған тәсілдерін түсіндіріп, жеке деректер мен банк шоттарының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігін ескертеді. Азаматтарға онлайн сатып алу кезінде және мобильді қосымшаларды орнатуда сақ болу ұсынылады.

Полиция қызметкерлері бұдан бөлек, жеке және мүліктік қауіпсіздікті сақтау жолдары, жол қозғалысы ережелері жөнінде түсініктеме беріп, төтенше жағдай туындағанда полицияға жүгіну тәртібін түсіндіреді.

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы 2025 жылғы 1 қарашаға дейін жалғасады. Осы кезеңде тәртіп сақшылары облыстың барлық тұрғын аймақтарын аралап шығуды көздеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру