Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тіркелмеген қаруларды анықтау, жасөспірімдермен жұмыс жүргізу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында облыс көлемінде 5 146 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Барлығы 77 583 пәтер мен тұрғын үй араланып, тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Сонымен қатар 4 512 саяжай үйі тексерілді.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 430 кәмелетке толмаған бала анықталып, олармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлері ата-аналарға кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүрмеуін қадағалау – олардың тікелей міндеті екенін еске салды.

Іс-шара аясында 1 991 қару иесі тексеріліп, қаруды сақтау ережелерін бұзу деректері анықталды. Сонымен қатар тіркелмеген 8 атыс қаруы тәркіленіп, тиісті іс жүргізу шаралары қабылданды.

Абай облысының полиция департаменті азаматтарды ішкі істер органдарының заңды талаптарын орындауға, құжат рәсімдеу мәселелерін уақытылы шешуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді қатысуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру