Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны көмек көрсеткен полицейлерге алғыс білдірді

Ақмола облысының тұрғыны көмек көрсеткен полицейлерге алғыс білдірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны С.В. Власов әлеуметтік желіде Ақмола облысының полиция қызметкерлеріне бір жарым жасар немересінің өмірін сақтап қалғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді. Төтенше жағдай 27 қыркүйекте таңертең Сүлейменов көшесіндегі “Юна” жанармай құю бекетінің жанында болды.

— Ақмола облысының полиция департаментіне, сондай-ақ борттық нөмірі 213 Есен мен Асхат автопатруль қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Кеше сағат 10:00 шамасында немерем Артемге дем жетпей, оның өміріне қауіп төнді. Ойланбастан полицейлер біздің өтінішімізге жауап беріп, баланы ауруханаға жылдам жеткізді. Олардың үйлесімді әрекеттері мен кәсібилігінің арқасында бала аман қалды, - деп жазды Власов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты және денсаулыққа қауіп төндірмейді.

Көкшетау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері А.Еркашев оқиға туралы айтып берді. Оқиға болған күні ол полиция аға сержанты Есен Сапармен бірге қызмет атқарды. “Юна” жанармай құю станциясының маңында полиция кенеттен жолға тоқтаған Volkswagen Passat көлігін байқады.

— Қарт адам, көлік жүргізушісі салонда дем жетпей қысыла бастаған немересі бар екенін айтты. Біз бірден әйел мен баланы патрульдік көлікке ауыстыру туралы шешім қабылдадық және облыстық балалар ауруханасына қарай жылжыдық. 5-7 минуттан кейін баланы дәрігерлерге табыстадық, — деді Еркашев.

Ол баланы ауруханаға жеткізгеннен кейін патрульшілер дереу қызметтік міндеттерін орындауға оралуға мәжбүр болғанын және тіпті анасының байланыс нөмірін білуге уақыт болмағанын атап өтті.

— Біз өз жұмысымызды жасадық, бірақ қатты уайымдадық. Баланың есімі Артем екені ғана есімізде қалды. Кейінірек біз оның жағдайы туралы білу үшін облыстық балалар ауруханасына хабарласуға тырыстық, алайда байланыса алмадық. Барлығы сәтті аяқталғанына өте қуаныштымыз, — деп қосты полицей.

Соңында С. Власов полиция департаментінің басшылығына ерекше көзге түскен қызметкерлерді атап өту туралы өтінішпен жүгінді: “Біз қызметке деген қамқорлық пен адалдықты сезіндік. Мұндай әрекеттер полицияға деген сенімді нығайтады және назардан тыс қалмайды. Алғысымыз шексіз!”

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру