Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ҚАЖД қызметкерлері ұстаздар қауымын құттықтады

Қарағандыда ҚАЖД қызметкерлері ұстаздар қауымын құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №31 мекемесінің қызметкерлері ұстаздар күні мерекесіне орай Шахтинск қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің ұстаздарын арнайы барып құттықтады.

Іс-шара барысында білім беру саласының ардақты өкілдеріне жылы лебіздер білдіре отырып, жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбектері ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ табандылықпен қызмет етіп келе жатқан ұстаздарға алғыс айтып, мерекелік сый-сияпаттар табыстады.

ҚАЖД қызметкерлерінің көрсеткен құрметіне риза болған ұстаздар қауымы алдағы уақытта да ұрпақ тәрбиесіне маңызды ұлы қызметтерін абыроймен атқаратынын жеткізді.

Бұл шара – жас ұрпаққа сапалы білім мен тәлім-тәрбие беріп келе жатқан ұстаздардың мәртебесін көтеріп, олардың еңбегін бағалаудың жарқын көрінісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру