Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында тұрғындармен ашық диалог өтті

Жетісу облысында халыққа құқықтық және кеңестік көмек көрсетуге бағытталған кең ауқымды "Жолда қабылдау" акциясы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Алматы – Өскемен республикалық автожолының 252-шақырымында жылы әрі ашық атмосферада өтті. Сонымен қатар тұрғындардың қолайлығы үшін мобильді қабылдау пункттері мамандандырылған ХҚКО маңында және халық жиі жиналатын орындарда орналастырылды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін "жедел желі" телефондары жұмыс істеп, өтініштер әлеуметтік желілер арқылы да қабылданды.

Жалпы облыс бойынша 15 мобильді қабылдау пункті қызмет көрсетті. Акцияға ішкі істер органдарының қызметкерлері, Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері, "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ филиалы, қоғамдық кеңес мүшелері, блогерлер және өзге де ұйымдардың өкілдері қатысты.

Бір күннің ішінде 312 сұрақ келіп түсті, оның 121-і тікелей эфир барысында қойылды. Көбіне автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін алу, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, айыппұлдарды төлеу, көші-қон заңнамасы, азаматтық қару рәсімдеу және автокөлікті есептен шығару мәселелері көтерілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция оң әсерін тигізіп, полицияның сервистік модельге көшу жолындағы маңызды қадам болды. Мұндай формат қоғам мен ішкі істер органдары арасындағы әріптестікті нығайтып, қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

"Жолда қабылдау" акциясы ертең де жалғасады. Бұл Жетісу облысының тұрғындарына кеңес алып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап табуға қосымша мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру