Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер арасында таяқ тартудан жарыс ұйымдастырылды

Жетісу облысында полицейлер арасында таяқ тартудан жарыс ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына орай Жетісу облысы полиция департаментімен бірлесіп ұлттық спорт түрі – таяқ тартудан жарыс ұйымдастырылды. Турнир Ескелді ауданында өтіп, полиция қызметкерлері арасындағы мықты спортшыларды жинады.

Полицейлер бес салмақ дәрежесінде – 70, 80, 90, 105 және 105 келіден жоғары санаттарда күш, төзімділік пен спорттық жігерін көрсетті. Барлығы 80 полиция қызметкері қатысып, жоғары дайындық деңгейін және жеңіске деген ұмтылысын байқатты.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте:
 1-орынды облыстық полиция департаментінің командасы иеленді,  2-орын Ескелді ауданы полициясына бұйырды, 3-орын Көксу ауданы полициясының командасына берілді.

Іс-шара достық пен көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, тек спорттық сайыс қана емес, бірліктің мерекесіне айналды. Ол ішкі істер органдары қызметкерлері арасында командалық рухты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұлттық дәстүрлерді сақтауға ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру