Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігі тексерілді

Алматыда 100-ден астам автокөлік экологиялық нормаларға сәйкестігіне тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Мемлекет басшысының "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру және профилактика жылы аясында Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері "ЭКО Алматы" ЖШС мамандарымен бірлесіп, автокөліктерден шығатын зиянды заттарды бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.

4-5 қазан күндері жылжымалы экологиялық зертхана көмегімен заманауи газталдағыштар мен түтін өлшегіш құрылғылар арқылы автокөліктердің шығарындылары тексерілді. Барлығы 131 көлік құралы тексеруден өтті. Нәтижесінде 21 жүргізуші рұқсат етілген, бірақ экологияны ластайтын заттардың шекті мөлшерін шамадан тыс асырғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың экологиялық мәдениетін және өз автокөліктерінің техникалық жағдайына деген жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған.

- Шаһар экологиясы – әрбіріміздің жауапкершілігіміз. Біздің мақсатымыз – тек бұзушылықтарды анықтау емес, оларды болдырмау, заңға бағыну және өз қаламызға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, – деді, Тимур Ноғайбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру