Павлодар облысында полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол ережесін сақтауға шақырды
Павлодарда жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 10 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтайды.
Атап айтқанда Генарал Бәкіров көшесіндегі әлеуметтік желілер мониторингі барысында Subaru Forester көлігінің жүргізушісі тоқтау жол белгісін бұзған. Полиция жол белгілерін сақтамағаны үшін құқық бұзушылық жасаған жүргізушіні жауапқа тартты.
Тәртіп сақшылары жол ережеріне бағынуды және жол белгілеріне мұқият болуды ескертеді. Жол ережелерін елемеу қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.
"Заң мен тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған қызметінің негізі. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.