Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері тұмауға қарсы екпе алды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінің қызметкерлері тұмау маусымының басталуына байланысты тұмауға қарсы екпе алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шара қызметкерлердің денсаулығын қорғау және вирустың таралуын болдырмау мақсатында ұйымдастырылды. Тұмауға қарсы вакцинация – маусымдық тұмаудың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі, әсіресе адамдар көп жиналатын және жабық мекемелерде жұмыс істейтіндер үшін өте маңызды.

Мекеменің жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспекторы Замира Бостанованың айтуынша, тұмауға қарсы екпе мекеменің барлық қызметкеріне салынады.

ҚАЖД қызметкерлерінің вакцинациясы ұжымдық иммунитетті нығайтуға және жұқпалы аурулардың алдын алуға және өз кезегінде сотталғандар арасында да тұмаудың таралуын азайтуға көмектеседі.

- Вакцина салынған қызметкерлер денсаулығын сақтап қана қоймай, қызметтік міндеттерін үздіксіз орындауға мүмкіндік алады, — дейді Замира Бостанова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру