Павлодар облысында көші-қон полицейлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодарда көші-қон полицейлер көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар мен рейдтік жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Павлодар облысының көші-қон қызметі 6173 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның ішінде 1688-і шетел азаматы, ал 4485-і – Қазақстан Республикасының азаматы.
Павлодар облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартовтың айтуынша,1448 шетел азаматы елде болу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. 704 адам – шетелдіктердің елде болу тәртібін бұзғанына бей-жай қараған тұлғалар ретінде әкімшілік жазаға тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 152 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасында тіркеу ережелерін бұзып өмір сүріп жатқан 3629-дан астам азамат анықталды, олардың ішінде 3000-нан астамы – ҚР азаматтары және шамамен 500-і – шетел азаматтары.
Соттарға әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 838 іс жолданды. 136 шетел азаматына қатысты елден шығару туралы шешім қабылданды. Іздеуде жүрген 305 адамның ішінен алименттен жалтарған 156 азамат және 42 борышкердің ішінен 22 адам анықталды.