Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық тұрғын учаскелік полицейге алғыс білдірді

Павлодар тұрғындары полиция қызметкерлеріне жеделдігі, кәсібилігі және қала тыныштығы үшін күн сайын алғыс білдіреді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полиция басқармасы орталық бөлімінің учаскелік полицейі Ренат Оспановқа қызметі үшін қала тұрғыны алғыс білдірді.

Жөндеу жұмыстары кезінде бейтаныс адамдар турникеттерді біздің ауладан қателесіп алып кеткен еді. Ренаттың жедел әрекеттерінің арқасында турникеттер табылып, иесіне қайтарылды. Тәртіп сақшысы демалыста болғанына қарамастан, жауапкершілікті басқаларға жүктемеді. Басталған істі соңына дейін жеткізді. Полиция қызметкеріне барлық тұрғынның атынан мықты денсаулық, отбасында бақыт пен амандық және мансаптық өсуді тілейміз. Халықтың игілігі үшін қызмет еткеніңіз үшін көп рақмет, – деп хат жолдаған.

Полицейлер үшін халықтан алғыс алу үлкен мәртебе. Әр азамат тәртіп сақшыларының еңбегін бағаласа, бұл – полицейлерге еңбек етуге күш-қуат береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру