Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық зейнеткер полицияға 150 оқ-дәріні өз еркімен тапсырды

Петропавл қаласында 89 жастағы тұрғын гаражын жинау кезінде кеңес дәуірінде шығарылған 150 калибрлі оқ-дәрі салынған қораптарды тауып алған. Азамат бірден ол заттарды полицияға әкеліп тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, кеңес уақытында 5,6 мм калибрлі спорттық-аңшылық қару мен оған арналған оқ-дәрілерге рұқсат талап етілмеген, сондықтан мұндай олжалар ескі үйлер мен шаруашылық нысандарынан әлі де табылып жатады.

Бүгінгі күні тіркелмеген ойық ұңғылы қару мен оған арналған оқ-дәрілерді сақтау – қылмыстық жауапкершілікке, ал тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтау – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Жазаға тартылмаудың жалғыз жолы – қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде ішкі істер органдарына тапсыру. Бұл заттарды тұрғылықты жердегі полицияға әкелуге немесе "102" арнасына хабарласып, тәркілеуді полицейлердің өздері жүргізуіне болады.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз айналымнан 139 тіркелмеген қару алынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру