Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде оқушылар мен полиция өкілдері құқықтық сауаттылықты талқылады

Bilim мектебінде Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығы Асет Қалиев оқушылармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара "NEO – жаңа буын полицейлері" жобасы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру және полиция қызметіне деген сенімді арттыру.

Кездесу барысында Асет Қалиев кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы тәртіп пен жеке жауапкершіліктің маңыздылығы, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы кеңінен түсіндіріп, оқушыларға өмірлік маңызды кеңестер берді. Ол жасөспірімдерді тәртіпке, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және қоғам алдындағы борышты сезінуге шақырды.

Сондай-ақ полиция қызметкері, психолог Динара Муслимова оқушылармен интерактивті тренинг өткізіп, өз-өзіне сенімділік пен болашақ мамандық таңдау тақырыбында пікір алмасты.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, "NEO – жаңа буын полицейлері" бағдарламасы жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіп сақшыларының қызметімен жақын таныстыруға және полиция мамандығына қызығушылықты дамытуға бағытталған. Бұл бастама – болашақта заңға құрметпен қарайтын, саналы азаматтарды тәрбиелеуге арналған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру