Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейд барысында жүздеген құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Абай облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейд барысында жүздеген құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында "Қауіпсіз жол" атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр.

– Қазір жол қозғалысы ережелерін сақтау бағытында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндіру жұмыстары күшейтілді. Іс-шараның алғашқы бес күнінде 868 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 13 жүргізуші қарсы бағыттағы жолаққа шыққан, 17 адам апатты жағдай туғызған, 11 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Сондай-ақ 81 адам телефон пайдаланғаны үшін, 208 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жауапқа тартылды. Ал 22 адамның жүргізуші куәлігі болмаған, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының іздестіру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Данияр Нұрпеисов.

Қазіргі таңда облыс аумағында 27 патрульдік бекет тәулік бойы қызмет атқаруда. Оның 18-і – патрульдік қызмет батальонының, ал қалған 9-ы облыстық және республикалық маңызы бар жолдарда жұмыс істейді.

– Сонымен қатар жүргізуші құқығынан айырылған 10 адамның көлік басқарғаны анықталып, барлығына қатысты тиісті шара қолданылды. "Сергек" және "Zerek" бейнебақылау жүйелері арқылы да мыңнан астам заңбұзушылық тіркеліп, айыппұлдар автоматты түрде рәсімделді, – деп толықтырды аға инспектор.

Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – әр жүргізуші мен жаяу жүргіншінің ортақ міндеті екенін еске салып, қауіпсіздік талаптарын бұзбауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру