Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер мен еріктілер есірткі жарнамаларын өшірді

Павлодарда полицейлер мен еріктілер бірлесіп, есірткі жарнамалайтын граффити жазбаларын өшірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты есірткі заттарының таралуына қарсы күреске және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Осыған байланысты құқық қорғау органдары рейд жүргізіп, жасөспірімдерге дәріс өткізді. Есірткі қолданудың салдарын және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті.

Павлодар қаласы Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ренат Шәріповтің айтуынша, осындай іс-шараларға жастардың ерікті түрде қатысуы, салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

"Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде жүргізіліп жатқан бұл іс-шарада полицейлер азаматтарға есірткі мен психотроптық заттарды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру