Түркістан облысында полицейлер жаяу жүргіншілерге жол бермеген көлік иелерін тоқтатты
Түркістан облысында жаяу жүргіншілерге жол бермеген 60-қа жуық көлік жүргізушісі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістанда патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілер тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.
Нәтижесінде жаяу жүргіншілерге жол бермеген 60-қа жуық автокөлік жүргізушісін әкімшілік жауапкершілікке тартып, хаттама толтырды.
Тәртіп сақшылары еске салады: жаяу жүргіншілер өткелі – қауіпсіздік кепілі. Алайда ережені елемей, жолда абайсыздық танытатын азаматтар да бар. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп үлгермеген адамға жол бермеу салдары қайғылы оқиғаларға ұласуы әбден мүмкін.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары азаматтарды жолда мұқият болуға, қозғалыс кезінде сақтық шараларын ұстануға және апатты жағдайларға жол бермеуге шақырады.