Интернеттегі қауіпсіздік – ортақ міндет: полиция азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодарда полиция қызметкерлері азаматтарға интернеттегі қауіпсіздік жайлы түсіндіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласы полиция басқармасының Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері "Учaске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында тұрғын үйлерді аралап, азаматтармен танысып, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысында полицейлер азаматтарға онлайн сатып алу мен ақшалай аударымдар кезінде сақ болу қажеттігін еске салып, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және банк карталарының деректерін бөгде адамдарға бермеуге кеңес берді.
Учаскелік полиция инспекторы Дамир Әліповтың айтуынша, мұндай кездесулер мен тұрғындармен жеке танысу полиция мен халық арасындағы сенімді нығайтуға және әртүрлі құқық бұзушылықтардың, соның ішінде интернет-алаяқтықтың да дер кезінде жолын кесуге мүмкіндік береді.