СҚО-да Республика күні қарсаңында ардагерлермен тағылымды кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мұражайында "Ұрпақтар сабақтастығы" атты кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында полиция ардагерлері жас әріптестерімен жүздесіп, офицерлік борыш пен ар-намысқа адалдық, өмірлік сындар мен қызметтік тәжірибеден түйген тағылымдары жайлы әңгімелесті.
Ардагерлер туған ведомствосының өміріне белсенді түрде атсалысып, өз тәжірибесін жас буынға үйретіп келеді. Олардың көпшілігі тәлімгерлер кеңесінің құрамында болып, жеке құрам арасында отансүйгіштік сезім мен кәсіби жауапкершілікті нығайтуға, сондай-ақ полиция органдарына қоғам сенімін арттыруға үлес қосуда.
Кездесу барысында тәжірибелі тергеушілер Атымтай Аманжолов пен Күлбарам Бәкенова, сондай-ақ жедел уәкіл Фарит Бегишев жас полицейлерге заманауи техника мен байланыс құралдары болмаған кезеңде де табандылық пен заңға адалдықтың арқасында күрделі қылмыстарды ашқан сәттерін еске алды.
– Полиция қызметі ауыр, бірақ ерекше жауапты әрі қызықты жұмыс, – деді СҚО ПД тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Кәпез Даулетбаев.
Кездесудің басты ұраны – "Ардагерлердің өмір жолы – жас буынға үлгі" болды. Құрметті қонақтар жас әріптестерін заң мен тәртіпті қорғау жолындағы адал қызметінен айнымай, кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіріп, қоғам игілігіне қызмет етуге шақырды.
Осындай тағылымды кездесулер жас мамандардың бойында патриоттық сезім мен кәсіби жауапкершілікті нығайтып, құқық қорғау саласындағы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға септігін тигізеді.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.