Атырауда киокушинкай-кан каратеден облыстық турнир өтті
Атырауда киокушинкай-кан каратеден облыстық турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласында 19 қазан күні "Спорт – нашақорлыққа қарсы" ұранымен Киокушинкай-кан каратеден облыстық турнир өтті. Бұл ауқымды спорттық шара Атырау облысы полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің бастамасымен ұйымдастырылды.
Турнирге облыстың әр өңірінен келген 300-ден астам жас спортшы қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткі қылмыстарының алдын алу және спортқа деген қызығушылықты арттыру болып табылады.
Шараға Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшылығы демеушілік етіп, турнирдің ұйымдастырушысы мен кеңес мүшелерін ҚР Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ жас спортшыларға басқарма атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.