Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында медицина қызметкерлеріне интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Түркістан облысында медицина қызметкерлеріне интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жиыны өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаевтың жетекшілігімен өңірдің медицина саласы қызметкерлеріне арналған интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыбында онлайн-жиын өтті.

Кездесу Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылып, оған денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен облыс аумағындағы 45 медициналық мекеменің қызметкерлері қатысты. Жалпы жиын 7 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтыды.

Жиын барысында полиция қызметкерлері интернет алаяқтықтың кең тараған түрлерін, олардың жасалу тәсілдерін және азаматтардың жеке деректерін қорғау жолдарын түсіндірді. Қатысушыларға онлайн төлемдер кезінде сақтық шараларын сақтау, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу, сондай-ақ бейтаныс адамдарға банк деректерін бермеу жөнінде нақты кеңестер берілді.

Полицейлер мұндай кездесулердің қоғамда цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және интернет кеңістігінде жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алуға зор ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру