Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада "SOS" батырмасы арқылы түскен хабарламаға полицейлер жедел әрекет етті

Астанада "SOS" батырмасы арқылы түскен хабарламаға полицейлер жедел әрекет етті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында ер адам "SOS" батырмасы арқылы полицияға хабарласып, Дүкенұлы мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында бағдаршамның жұмыс істемей тұрғанын жеткізген.

Хабарлама тіркелісімен оқиға орнына патрульдік полиция экипажы жедел аттанды. Полицейлер жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге бағыт-бағдар беріп, тиісті көмек көрсетті.

Қазіргі таңда бағдаршамның жұмысы толық қалпына келтірілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "SOS" батырмасы тәулік бойы жұмыс істейді.

Бұл жүйе азаматтардың өтініштері мен дабылдарына шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері Астанада "SOS" батырмасы арқылы полицияға 34 хабарлама келіп түскен. Барлық жағдайда тәртіп сақшылары азаматтардың өтініштеріне дер кезінде жауап беріп, қажетті көмек көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру