Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында жас полицейлер ант қабылдады

Шығыс Қазақстан облысының жас полицейлері ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінде жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті. Тәртіп сақшыларының қатарына енді қосылған 26 жас полицей Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жас тәртіп сақшыларын қолдау үшін олардың ата-аналары, тәлімгерлері және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Полиция департаментінің орынбасары Серик Манапов бұл күннің әрбір қатысушы үшін маңызды екенін атап өтті.

– Бүгіннен бастап сіздер заң мен тәртіптің қорғаушылары атандыңыздар. Ант қабылдай отырып, сіздер қоғамға қызмет етуге және халықтың сенімін арттыруға жауапкершілік аласыздар. Қызметтеріңіз адал, әділ болсын. Сіздердің жұмыстарыңызға байланысты азаматтардың қауіпсіздігі мен әр үйдегі тыныштық қамтамасыз етіледі, – деді Серик Манапов.

Полицейлердің қатарына енді қосылған жас қызметкер Аманкелді Дарибаев өз әсерімен бөлісті.

– Бізге үлкен жауапкершілік жүктелгенін түсінеміз және біз сол сенімге лайықты болып, полицей атағын абыроймен алып жүруге дайынбыз, – деді Аманкелді Дарибаев.

Жас полицейлер үшін бұл күн кәсіби жолдың бастамасын, сынақтарға толы болатынын, сонымен қатар таңдаған мамандығына құрмет пен мақтаныш сезімін білдіреді. Енді олардың алдында азаматтардың тыныштығын қорғау деген маңызды миссия тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру