Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Өскемендегі әскери бөлімдерді тексерді

Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков құқықтық тәртіп әскерінің Өскемендегі дағдарысқа қарсы оқу-жаттығу орталығын және әскери бөлімдерді аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орталықтың оқу бағдарламасында тактикалық дайындық, төтенше жағдайларды жою, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану, физикалық және компьютерлік қауіпсіздік жүйелерін меңгеру, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау дайындығын жетілдіру мәселелері қамтылған.

Бас қолбасшы тәжірибелік сабақ өткізуге арналған орындарды көрді. Дағдарысқа қарсы оқу орталығының қызметкерлері қазіргі заманғы дрон жүйелерін үйрету әдістемелерімен таныстырды.

Бұдан бөлек А.Балтабеков "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерді аралады.

Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жедел мақсаттағы 5518 әскери бөлімінің, мемлекеттік маңызды нысандарды күзететін 3477 әскери бөлімінің қызмет барысын тексерді.

Сондай-ақ түзеу мекемелерін күзететін 6699 әскери бөлімінің тыныс-тішілігімен танысты.

Әр әскери бөлімнің жағдайымен танысқан соң, Аңсаған Балтабеков өңірлік қолбасшылыққа қызметті ұйымдастыру ісін одан әрі жетілдіруді, оның қауіпсіздігі мен сапасын заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану арқылы қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру