"Түркістан марафон – 2025" спорттық жарысына 3 мыңнан астам адам қатысты
"Түркістан марафон – 2025" спорттық жарысына 3 мыңнан астам адам қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен "Түркістан марафон – 2025" атты бұқаралық жүгіру жарысы өтті.

Бұл ауқымды спорттық шараға еліміздің түкпір-түкпірінен келген тұрғындар мен кәсіби спортшылар, сондай-ақ шетелдік атлеттер қатысты. Жалпы саны 3 мыңнан астам қатысушы салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын насихаттап, өз төзімділіктерін сынады.

Марафонға Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамы да белсене қатысып, халықпен бірге қашықтықты еңсерді. Полицейлер өз үлгісімен жастарды спортқа баулуға, зиянды әдеттерден, әсіресе есірткіден бойды аулақ ұстауға шақырды.

Шараның басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеу және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру. Мемлекет басшысы өз жолдауында: "Есірткі қылмысына қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуі тиіс" екенін атап өткен болатын.
Полиция қызметкерлері бұл бастаманы қолдай отырып, қоғамды спорт арқылы салауатты өмірге, есірткісіз жарқын болашаққа ұмтылуға үндеді.
