Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер оқушылардың жол қауіпсіздігіне арналған жобаны іске қосты

СҚО-да полицейлер оқушылардың жол қауіпсіздігіне арналған жобаны іске қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі уақытта оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Петропавл қаласындағы №2 мектептің басшылығымен және ата-аналармен кездесу өтті. Жиында оқушылардың сырт киіміне жарық шағылыстырғыш белгілерді міндетті түрде тағу жөніндегі жоба басталды.

СҚО полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, жоба идеясы оның бастауыш сыныпта оқитын ұлымен байланысты туындаған. Бір күні ұлы әкесіне қоңырау шалып, жолдан өткізіп жіберуді өтінген, себебі көліктер жылдам жүріп, оны байқамай өткен.

Сол күні Әлжанов балаларға жарық шағылыстырғыш белгілер сатып алып, жобаны әзірлеуге кірісті. Жоба аясында мектептерге ата-аналарға осы қарапайым әрі тиімді құралды міндетті түрде қолдану ұсынылды.

Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 мектептің оқушылары жол жүру ережелерін сәтті үйренуде. Полицейлер ата-аналарға кешкі уақытта жүргізушілердің жаяу жүргіншілерді байқауы қиын екенін көрсететін бейнематериалдарды ұсынды. Кейін екі оқушы мен фонарьдың көмегімен жарық шағылыстырғыш белгілердің тиімділігін тәжірибе жүзінде көрсетті. Мектептің ата-аналар қауымы мен қамқорлық кеңесі жобаны бірауыздан қолдады. Олар ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын өздері жүргізбек.

СҚО полиция департаменті мен мектеп дирекциясы арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Енді 1-ден 8-сыныпқа дейінгі барлық оқушылар фликерлерді міндетті түрде тағады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру