Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция мен қоғам белсенділері салауатты өмір салтын насихаттады

Текелі қаласында полиция қызметкерлері нашақорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу кеңесінің мүшелері және "Қос-Қанат" үкіметтік емес ұйымының өкілдерімен бірлесіп, "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" тақырыбында әлеуметтік-профилактикалық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акция аясында "Бақытты отбасы – дені сау ел" ұранымен байқау ұйымдастырылып, оған әр жастағы тұрғындар қатысты.

Командалар 3–5 адамнан тұратын отбасылардан құралды, бұл іс-шараға ерекше жылулық пен бірлік атмосферасын сыйлады. Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, мүшелердің бірлігін арттыру және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы хабардарлықты көтеру.

Ұйымдастырушылар әлеуметтік осал және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар арасында есірткіге, темекіге, вейпке және алкогольге қарсы профилактика мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Байқауды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия, Текелі қаласының прокуратурасы, Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы және "Жақсылық жаса! Текелі" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Интеллектуалдық сайысқа 9 отбасылық команда қатысты. Ойын қазақ және орыс тілдерінде үш кезеңнен тұрды. Жеңімпаздар барлық турдың қорытындысы бойынша анықталды. Қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Грамоталар мен алғыс хаттарды кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия төрағасы табыс етті, сондай-ақ әр командаға Текелі қаласының прокуратурасы атынан арнайы номинациялар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру