Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жол қауіпсіздігі апталығы басталды

Алматыда "Есіңде сақта және ойлан" атты жол қауіпсіздігі апталығы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орай "Есіңде сақта және ойлан" қоғамдық науқаны басталды. Бастаманың мақсаты - жол-көлік жарақаттары мәселесіне қоғамның назарын аудару және жолдағы әрбір өмірдің баға жетпес екенін еске салу. Апта бойы қалада профилактикалық рейдтер, мектептерде тақырыптық сабақтар, флешмобтар және еске алу шаралары ұйымдастырылады.

– Біз әрбір жол қозғалысына қатысушы жүргізушілер мен жолаушыларды қауіпсіздік өзінен басталатынын есте сақтауға шақырамыз. Бір ғана жауапты шешім біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін, – деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полицейлер жол қозғалысы мәдениетіне, жылдамдық режимін сақтауға, қауіпсіздік белдіктері мен балаларды арнайы қауіпсіздік құрылғыларын қолдануды қадағалау үстінде.

– Бұл апта тек профилактикалық науқан емес. Бұл қаза тапқандарды еске алудың, зардап шеккендерді қолдаудың және жол қателіктерді кешірмейтінін еске салудың мүмкіндігі. Науқанға полиция қызметкерлері, педагогтар, еріктілер, медицина қызметкерлері және қамқор азаматтар бірігеді, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Серікұлы.

Аптаның символы – шамдардан жасалған жанып тұрған жүрек, ол "бір қателік – мәңгілік" және "әрбір өмір қымбат" деген тұжырымды жеткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру