Ақтөбеде түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдер анықталды
Ақтөбеде полиция қызметкерлері, қалалық жастар ресурстық орталығы және қала белсенділері бірлесіп, студенттердің қауіпсіздігін арттыру мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кең көлемді түнгі профилактикалық шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері студенттік жатақханаларды, оқу орындары маңын және жастар жиі жиналатын аумақтарды аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалады. Түнгі рейд барысында барлығы сі. Жатақханаларда белгіленген тәртіптің бұзылғаны анықталмай, жалпы жағдайдың тұрақты екені байқалды.
Қоғамдық орындарда жүрген 20-дан астам жасөспірімнің құжаттары тексеріліп, олардың ішінде 3 кәмелетке толмаған бала түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз жүргені үшін анықталды. Әрқайсысымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарына ескерту жасалды.
Полиция жастардың қауіпсіздігі – қоғам тыныштығының негізгі бөлігі екенін атап өтіп, ата-аналарды түнгі уақытта балалардың жүрген жерін бақылауды күшейтуге шақырды. Ақтөбе қаласында өткен мұндай кешенді шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.
