Атырауда студенттерге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді
Атырау облысы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, Раиса Айтжанова сондай-ақ заңгер мен медиатор мамандары Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттерімен "Заң мен тәртіп" тақырыбында кездесіп, арнайы құқықтық дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара барысында спикерлер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның құқықтық жауапкершілігі және зардабы туралы кеңінен түсіндірді. Студенттерге отбасындағы агрессияны ерте кезеңде анықтау, қауіптен қорғану жолдары, құқық қорғау органдарына жүгіну тетіктері мен заңда қарастырылған қорғаныш бұйрықтары жайында нақты мысалдармен жеткізілді.
Жиында өзара тәжірибе алмасу мақсатында құқықтық тәрбие жұмыстарын жетілдіру жолдары талқыланып, студент жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар тұрмыстық саладағы қайғылы жағдайлардың алдын алу, жастардың өз әрекетіне деген жауапкершілігін күшейту және зорлық-зомбылықты ешқандай жағдайда қалыпты құбылыс ретінде қабылдамау қажеттігі баса айтылды.
Мұндай кездесулердің жастарға құқықтық сауаттылықты арттыруда және қауіпсіз қоғам қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
