Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер екі мал ұрлығының бетін ашты

ШҚО-да "Мал ұрысы" іс-шарасының қорытындысы бойынша ондаған заң бұзушылықтар анықталып, екі мал ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17-19 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында республикалық "Мал ұрысы" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған кезеңде полицейлер мал тасымалдау, сату және жаю саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Рейд тексерістерінің қорытындысы бойынша 27 заң бұзушылық фактісі тіркеліп, 57 ауыл шаруашылығы жануарларының иесі мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, шара барысында бұрын жасалған екі мал ұрлығы дерегі ашылды. Ұлан ауданында еркін жайылымнан 2 бас ірі қара мал ұрланып, келтірілген шығын 2 000 000 теңгені құрады.Сондай-ақ, дәл осындай жағдай Глубокое ауданында да орын алған. Қаскөйлер 1 бас ірі қара мал ұрлаған, қылмыстық әрекеттен келтірілген шығын 600 000 теңгені құраған.

Полиция мал иелеріне жануарларды дұрыс жаймағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын және осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жаю және тасымалдау ережелерін сақтауды ескертеді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру