Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ПД бастығы Қайсар Сұлтанбаев жол учаскелерін тексерді

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасын орындау мақсатында Жамбыл облысы ПД бастығы Қайсар Сұлтанбаев өңірдегі бірқатар жол учаскелерінде тексеру жүргізіп, жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайсар Сұлтанбаев патрульдік қызметтің даярлығын және жолдардағы бақылау шараларының орындалуын бағалады. ПД бастығының айтуынша, өңірде апаттарды азайту мақсатында қауіпті жерлерде жолды тарылту, дрондар арқылы бақылауды күшейту және рейдтер кезінде жүргізушілердің шаршауын болдырмауға бағытталған түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар Таразда және облыс жолдарында анықталған қауіпті учаскелерде қосымша белгілер орнату, жол таңбаларын жаңарту және патрульдеуді күшейту шаралары қолға алынған. Департамент бастығы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларынан болатын адам шығынының шамамен 23,2%-ға төмендегенін атап өтті.

Полиция жүргізушілерді жылдамдықты асырмай, жолда тәртіп сақтап және өзара құрмет көрсетуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру