Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полицейі пауэрлифтингтен әлемдік турнирдің жүлдегері атанды

Қазақстан полицейі пауэрлифтингтен әлемдік турнирдің жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің штаб қызметкері Рауан Рахимов 22–23 қараша күндері Алматыда WPPL халықаралық федерациясының қолдауымен өткен "GRAND PRIX WORLD CUP 2025" әлемдік турнирінде еліміздің абыройын жоғары деңгейде қорғады.

Тартысты бәсекеде ол жабдықсыз классикалық жатып сығымдау жаттығуы бойынша 165 келі нәтижемен 125 кг-ға дейінгі ардагерлер санатында жүлделі екінші орын иеленді. Бұл көрсеткіш оның жоғары дене дайындығы мен шыдамдылығының айқын дәлелі болды.

Полицейдің кәсіби қызметінде жоғары физикалық дайындықты сақтау – маңызды талаптардың бірі.

Күштік және физикалық шынығу, шыдамдылық және өзін-өзі жетілдіруге деген талпыныс қызметкерлерге өз міндеттерін сенімді орындауға, кез келген жағдайға жедел әрекет етуге және азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру