Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полицейлер бірнеше киберқылмыстың бетін ашты

Түркістан облысында полицейлер киберқылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында киберқылмыспен күрес күшейтіліп келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының м.а. Ермек Шәкім интернет-алаяқтықтың жағдайын баяндады.

Ең жиі кездесетін алаяқтық тәсілдері: банк қызметкері болып хабарласу, алдын ала төлем талап ету, инвестицияға шақыру, танысы ретінде ақша сұрау және ұтыс ойындары арқылы алдау.

Полиция қызметкерлері жыл басынан бері көпэпизодты қылмыстарға қатысы бар азаматтарды анықтады. Сауран ауданының тұрғыны 26 онлайн несие рәсімдеу жайтына, Мақтаарал ауданының тұрғыны 8 еңбекке орналастыру жайтына, ал Шымкент қаласының тұрғыны 4 жұмысқа тұрғызу дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Сондай-ақ жедел уәкілдер Астана қаласында дроптарды пайдаланған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. Топ мүшелері арнайы рөлдерге бөлініп, түрлі образдар арқылы азаматтарды алдап келген.Интернеттегі құқыққа қайшы контентті анықтау бағытында да жұмыс қарқынды.

Полиция мен Халықаралық Қазақ-Түрік университеті бірлесіп, "Кибернадзор" жүйесі арқылы 4300 заңсыз материалды бұғаттады. Облыс аумағында 680 профилактикалық кездесу өткізіліп, 100 мыңнан астам жадынама таратылды. Сонымен қатар 4000 оқушы мен 500 мұғалімге қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақ ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру