Ақтауда студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша лекция өтті
Ақтауда студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша лекция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы департамент жанындағы профилактикалық кеңес мүшелерімен бірлесіп, Ш.Есенов атындағы университеттің студенттерімен кездесу өткізді
Іс-шараның мақсаты — жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттерге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесу барысында облыстық психикалық денсаулық орталығының басшысы Мади Токанов психоактивті заттардың зияны және олардың денсаулық пен психикаға әсері туралы айтып берді.
Лекция кеңейтілген форматта өтіп, 50-ден астам студентті қамтыды.
