Көлік полицейлері ардагерлерге құрмет көрсетті
Көлік полицейлері ардагерлерге құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы әуежайында көліктегі полиция департаментіне қарасты бөлімшелердің қызметкерлері ардагерлерге ерекше құрмет көрсетті. Қазақстандағы ең ірі әуе айлағына келген жолаушылар көлік полицейлері дайындаған мерекелік концерттің куәсі болды.
Шараны Алматы-1 станциясы, Алматы әуежайы және Қонаев қаласы станциясындағы желілік полиция бөлімдерінің көлік полицейлері бірлесіп ұйымдастырды.
Ұшақтан түскен жолаушылар да жолға асықпай, көлік полицейлерінің өнеріне сүйсініп, концерт соңына дейін тамашалады. Күнделікті тәртіп күзетінде жүретін полицейлердің сахналық қабілетіне тәнті болған көрермендер алғыстарын жеткізді.
Шараның мақсаты – көліктегі полиция саласының ардагерлеріне құрмет көрсету, сондай-ақ жас қызметкерлердің патриоттық рухын көтеріп, оларды саланың игі дәстүрлерін жалғастыруға ынталандыру болды.
