Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Әрбір полиция қызметкері өз жұмысын адал атқаруы керек": Қайсар Сұлтанбаев

Жамбыл облысында полиция департаментінің учаскелік инспекторлары мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларының облыстық кеңесі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңестің мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін талқылау және қызметтік жұмысты жетілдіру. Іс-шараға полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев және оның орынбасары Бауыржан Жанаев жетекшілік етті.

Кеңес барысында аталған қызметтердегі негізгі кемшіліктер мен олқылықтар атап өтілді, соның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттестік және тәуекелі бар отбасылар мен жасөспірімдермен жұмыс мәселелері қаралды. Кейбір аудандарда профилактикалық жұмыста жетілдіруді қажет ететін тұстар бар екені айтылды.

- Әрбір полиция қызметкері өз жұмысын адал атқаруға тиіс, формализмге орын жоқ, — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Қызметкерлерге анықталған кемшіліктерді жыл соңына дейін жою тапсырылды. Көрсетілген кезеңнен кейін тиісті деңгейде жұмыс атқармаған қызметкерлерге қатаң тәртіптік шаралар қолданылады.

Басшылық қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру үшін оларға заманауи материалдық-техникалық базаны қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Кеңес қорытындысы бойынша ең үздік қызметкерлер марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру