Астанада ҚАЖ қызметкерлері студенттерге профилактикалық кездесу өткізді
Астанада ҚАЖ қызметкерлері студенттерге профилактикалық кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қараша күні Астана қаласы бойынша №3 мекемесінде Л.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне арналған телекөпір мен экскурсиялық таныстыру шарасы өтті. Іс-шара барысында жастарға мекеме ішіндегі жағдаймен танысып, бостандық шектеулерінің қандай екендігін сезінуге, сондай-ақ телекөпір арқылы сотталғандардың өмірлік оқиғалары мен олардың жасаған қателіктерінің салдары туралы ақпарат алуға мүмкіндік берілді.

Студенттер бұл кездесудің өздеріне үлкен әсер қалдырғанын жеткізді. Олар бостандықтың бағасын, шектеулі ортадағы психологиялық қысымды және заң бұзушылықтың қандай ауыртпашылық әкелетінін айқын сезінді. Көргендері олардың санасына маңызды өмірлік сабақ болып сіңді.

Жастар қазіргі заманда білімнің, жауапкершіліктің және тәртіптің маңызы зор екенін атап өтті. Көпшілігі бұл шарадан кейін дұрыс жолды таңдаудың, саналы шешім қабылдаудың және ешқашан заң бұзбаудың қаншалықты маңызды екенін терең түсінгендерін жеткізді.
