Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада түнгі тыныштықты бұзған азамат жауапқа тартылды

Астанада түнгі тыныштықты бұзған азамат жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында полиция қызметкерлері түнгі тыныштықты бұзған азаматты жауапкершілікке тартты. "102" арнасына таңғы сағат 6 шамасында автокөлікте қатты музыка қойылып, айналадағы тұрғындарға қолайсыздық туғызып жатқаны туралы шағым түскен.

Шақырту орнына жедел жеткен полицейлер 21 жастағы азаматтың қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтап, оған қатысты тиісті шаралар қолданылды. Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Астанада түнгі тыныштықты бұзудың 42 мыңға жуық дерегі тіркелген. Бұл – тұрғындардың демалысына кедергі келтіретін және қоғамдық тәртіпке әсер ететін өзекті мәселе.

Тәртіп сақшылары азаматтарды тыныштық режимін сақтауға, өзара сыйластық танытуға және көршілердің тыныштығына құрметпен қарауға шақырады. Қоғамдық тәртіп – әркімнің ортақ жауапкершілігі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру