Павлодар облысында жалған нөмір таққан жүргізушілер анықталды
Павлодар облысында жалған нөмір таққан жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақсу қаласының патрульдік полиция взводының қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автокөліктерді басқарған жүргізушілерді ұстады.
– "Қауіпті жүргізуші" ЖПШ шеңберінде патрульдеу барысында Атамекен - Курчатов автожолында ВАЗ-2106 көлігі тоқтатылды, онда осы көлік құралына тіркелмеген нөмірлік белгі орнатылды. Рульде Береке ауылының тұрғыны болды. Сонымен қатар жүргізушінің мас күйінде екендігі анықталды, бұл медициналық куәландырумен расталды. Автокөлік айыптұраққа қамалды, жалған нөмірлік белгі алынды. Жүргізуші жалған тіркеу белгісін әдейі қолданғаны анықталды. Материалдар сотта қаралатын болады, – деді Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.
Сол күні, тағы ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі де осы көлік құралына тіркелмеген нөмірлік белгіні пайдаланды. Рульде Кенжекөл ауылының тұрғыны болған. Жүргізушіге қатысты көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі бар көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды.
Полиция қызметкерлері жүргізушілердің жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалануына байланысты 21 бұзушылықтың жолын кескенін атап өтті.
Полиция жалған тіркеу белгілерін пайдалану заңмен қудаланатынын еске салады.
