Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полиция "Атырау Жарық" АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді

Атырауда полиция "Атырау Жарық" АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері "Атырау Жарық" АҚ саласының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғану тәсілдерін түсіндірді.

Кездесуде тәртіп сақшысы отбасы ішінде орын алуы мүмкін жанжалдарды алдын алу жолдарына тоқталып, даулы жағдай туындағанда қандай іс-әрекет жасау керектігін, құқық қорғау органдарына жүгінудің маңыздылығын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ қорғау нұсқамалары мен құқық бұзушыға қойылатын ерекше талаптардың мәні туралы ақпарат берілді. Қызметкерлерге отбасыдағы қауіпсіздікті сақтау, даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешу, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерін уақытында анықтау жолдары көрсетілді.

– Атырау қаласында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша 3510 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Отбасылық жанжал жағдайларын болдырмау үшін 3001 қорғау нұсқамасы беріліп, құқық бұзушының мінез-құлқына 820 ерекше талаптар белгіленді. Бұл шаралар – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасыдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты іс-әрекеттер, – деді отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімше бастығы Айгерім Орақбаева.

Кездесу соңында қызметкерлерге тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шаралар мен профилактикалық кеңестер жазылған ақпараттық материалдар таратылып, болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру