Қызылордада полиция қызметкерлері оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді
Қызылордада полиция қызметкерлері оқушыларға қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің оқушылары үшін қауіпсіздік сабағы өткізілді. Тәртіп сақшыларының дәрісін 300-ден аса оқушы тыңдады.
Шараға қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Р.Абдразакова және Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары М.Манатов, №264 мектеп-лицейінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Дуйсебекова және Г.Киымов қатысты.
Полиция қызметкерлері оқушыларға құқық бұзушылықтың түрлері мен олардың салдары, қоғамдық тәртіпті сақтау міндеттері, жол қауіпсіздігі, жасөспірімдердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы айтып, түнгі мезгілде заңды өкілсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде немесе ойын-сауық орындарында болуға заңмен тыйым салынғандығын ескертті.
Кездесу барысында оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, сала мамандарынан толыққанды жауаптар берілді.
