Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының полиция департаментінде оқу-жаттығу сабағы өтті

Қызылорда облысының полиция департаментінде оқу-жаттығу сабағы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстық процесті жүзеге асыратын орган қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру мақсатында криминалистикалық оқу-жаттығу полигонында тергеушілер, анықтаушылар және криминалист мамандардың қатысуымен қару қолдану арқылы жасалған қылмыстар бойынша оқиға орнын қарап-тексеру тақырыбында практикалық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты – атыс қаруы қолданылған жағдайларда оқиға орнын дұрыс ұйымдастыру, дәлелдемелерді табу, жинау, бекіту және процессуалдық құжаттарын сауатты ресімдеу дағдыларын нығайту, сондай-ақ криминалистикалық талаптар мен тергеу тактикасын тәжірибе жүзінде меңгерту.

Оқу барысында қатысушыларға шынайы жағдайға ұқсас сценарий ұсынылып, атыс қаруы қолданылған қылмыс орнын қараудың кезеңдері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Сабақ барысында баллистикалық сараптаманың бастапқы элементтері, оқ-дәрі қалдықтарын табу әдістері, қаруды қауіпсіз ұстау және алу тәртібі, сондай-ақ дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету талаптары ерекше атап өтілді.

Практикалық бөлім аяқталғаннан кейін мамандардың атқарған жұмыстары талданып, типтік қателіктер мен оларды болдырмау жолдары түсіндірілді. Мұндай оқыту форматы қызметкерлердің теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, олардың нақты жағдайларда жедел әрі кәсіби шешім қабылдау қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді.

Өткізілген оқу-жаттығу сабақтары тергеушілер мен криминалистердің кәсіби біліктілігін арттыруға, қылмыс орнын сапалы қарап-тексеру деңгейін көтеруге және дәлелдемелерді жинау барысында халықаралық стандарттарға сай жұмыс тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру