Семей полициясына ойын-сауық орындарынан шамамен 2 мың шақырту түсті
Семей қаласында қала әкімінің төрағалығымен ойын-сауық орындарының иелері мен жеке күзет ұйымдарының басшылары қатысқан кеңес өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Күн тәртібінде жастар жиі келетін қоғамдық демалыс орындарында — дәмхана, барлар мен түнгі клубтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жиынға қалалық прокурор Дәулет Кенжебеков, қалалық полиция басқармасының бастығы Қайрат Абдығалиев, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Қайрат Абдығалиев облыс орталығындағы жедел жағдайға тоқталып, ойын-сауық орындарындағы құқықбұзушылық деңгейінің ерекше алаңдаушылық туғызатынын жеткізді.
Биылғы жылы "102" арнасына ойын-сауық нысандарынан 1 740 шақыру түскен, олардың 107-сі бойынша қылмыстық істер қозғалған.
Құқық қорғау органдары құқық бұзушылықтар мен келушілердің шағымдары жиі тіркелетін объектілердің "антирейтингін" жүргізіп отыр.
– Антирейтинг туралы ақпаратты жергілікті интернет-платформалар арқылы жариялау тәжірибесін енгізу ұсынылады. Бұл қауіпсіздік стандарттарын арттыруға және келушілерге көрсетілетін қызмет сапасының индикаторына айналады, – деді қала полициясының бастығы.
