Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығы қаладағы түзету мекемелерінің қызметіне шолу жасады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығы қаладағы түзету мекемелерінің қызметіне шолу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев Ақтөбе қаласында орналасқан ҚАЖ департаментіне қарасты №8, №9 және №70 түзету мекемелеріне жұмыс сапарымен барып, олардың қызметіне кешенді шолу жасады.

Іссапар барысында департамент басшысы мекеме басшыларымен және жеке құраммен кездесіп, қызметкерлерді Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде ҚАЖ саласында қызмет ету жоғары жауапкершілік пен табандылықты талап ететінін атап өтіп, қызметтік міндеттерін адал әрі абыроймен атқарып жүрген қызметкерлерге алғысын білдірді.

Сонымен қатар Шаймерден Есенкелдиев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан  Саденов пен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Абай Қайырбековтің тапсырмаларын жеткізіп, мекемелердің күнделікті қызметінің ұйымдастырылу деңгейін, қызметтік ахуалды және атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін жан-жақты зерделеді. Жұмыс сапары аясында сотталғандар мен айыпталушыларды ұстау тәртібі тексеріліп, тұрғын жайлар, медициналық қызмет көрсету, тұрмыстық жағдайлар мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше көңіл бөлінді.

Департамент бастығы карантин бөлімінің жұмысымен танысып, жаңадан келген сотталғандарды қабылдау және ұстау тәртібінің сақталуын бақылап өтті. Сондай-ақ тәртіптік изоляторда оқшауланған сотталғандармен және жасақтарда жазасын өтеушілермен кездесіп, белгіленген талаптардың орындалуына назар аударды.

Бұдан бөлек, сотталғандарға жеке қабылдау өткізіліп, олардың көтерген мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды. Қабылдау барысында айтылған өтініштер бақылауға алынып, қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары айқындалды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бірқатар өзекті мәселелер қаралып, түзету мекемелерінің қызметін одан әрі жетілдіруге, қызметтік тәртіпті нығайтуға және сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру