Сақ болыңыздар: алаяқтар жаңа айла тапты
Алаяқтар жаңа айла қолдануда. Азаматтар өздері байланысқа шығып, киберқауіпке ұшырауы мүмкін. Полиция мен Бас прокуратура азаматтарға сақтық шараларын ұсынады және тек ресми байланыс нөмірлері арқылы ғана хабарласуды ескертеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы уақытта интернет-алаяқтықтың жаңа түрі таралуда. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының және шетелдік дереккөздердің мәліметтеріне сүйенсек, (https://www.kommersant.ru/doc/8230736 , https://www.pravda.ru/news/videochannel/2313571-russia-new-fraud-scheme/ , https://iz.ru/1996945/2025-11-26/moshenniki-massovo-zastavliaiut-zhertv-samim-zvonit-im?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Finstory%2Fa910b074-a37c-54c8-bb26-884c26851152 ,https://lenta.ru/news/2025/11/26/nazvana-samaya-populyarnaya-v-poslednie-mesyatsy-shema-moshennichestva/ ) қаскүнемдер жеткізу қызметтері, басқарушы компаниялар және банктер атынан әртүрлі хабарламалар мен SMS-хабарламалар жіберіп, азаматтарды өздері қайта қоңырау шалуға итермелеуде. Мұндай тәсілдер азаматтардың қырағылығын төмендетіп, қауіптің алдын ала байқалмауына әкеледі.
Алаяқтар “авторизациядағы қате”, “домофонды ауыстыру”, “есептегіштерді тексеру” сияқты сылтаулармен азаматтарды өз еркімен байланысқа шығуға мәжбүрлейді. Салдарынан еш күмәнданбаған тұрғындар кибералаяқтарға әлеуметтік инженерия әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда қаскүнемдер сенімге кіріп, жеке деректерді, банк мәліметтерін алуға немесе қаржылық шығын келтіруге бағытталған әрекеттер жасайды.
Алдын алу мақсатында полиция мынадай сақтық шараларын ұсынады:
- беймәлім хаттарға, хабарламалар мен қоңырауларға сыни көзқараспен қарау;
- ұйымдардың тек ресми сайттарында көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы ғана қоңырау шалу;
- екі факторлы аутентификацияны пайдалану;
- банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін бір реттік кодтарды және өзге де құпия ақпаратты бөгде тұлғаларға бермеу.
